Үлкен теннис

Гауфф: «Үнемі алға жылжып жатқанымды сезінгім келеді»

Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф Цинциннатидегі WTA-1000 турниріндегі жеңістен кейін өз ойымен бөлісті. Америкалық теннисші өткен маусыммен салыстырғанда айқын өзгерісті сезінетінін айтты.

Коре Гауфф АҚШ-та өткен Цинциннати WTA-1000 турниріндегі жеңісінен кейін өзінің ойыны мен дамуы туралы пікір білдірді. Екі дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы қазір алаңда өзін бұрынғыдан әлдеқайда сенімді сезінетінін айтты.

«Бұл ұзақ жол болды, бірақ мен қуаныштымын. Алда әлі талай теннис маусымы бар екенін білемін, дегенмен өткен жылы өз ойыныма көңілім толмай, өзімді кері кетіп бара жатқандай сезіндім. Ал ойыншы үшін бұл — ең қаламайтын нәрсе. Үнемі алға жылжып жатқанымды, не болмаса кем дегенде тұрақтылыққа жеткенімді сезінгім келеді», — деді Гауфф.

Оның айтуынша, өткен маусымда ол тосын шешімдер қабылдап, көпшілік батылдық танытпас еді деген қадамдарға барған. Соған қарамастан, теннисші мұның бәрі өз нәтижесін бергеніне сенімді.

«Өткен жылы мен өте түсініксіз жағдайда болдым және «Үлкен дулыға» турнирінің алдында көп адам бара бермейтін бірнеше шешім қабылдадым. Бірақ мұның бәрі ақталған сияқты. Қазір мен өткен жылғы ойыншымен салыстырғанда бүгінгі деңгейімнің арасындағы айырмашылықты айқын сезіп тұрмын», — деді америкалық теннисші.

Гауффтің сөзін Ubitennis келтірді.