«Барыс» КХЛ құрамынан шыға ма?
Хоккейлік клубтың шешімі қандай?
ҚХЛ президенті Алексей Морозов қазақстандық клубқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Біз Қазақстан федерациясымен және клубпен байланыстамыз. Олардың КХЛ-дан шығуға ниеті жоқ екенін көріп отырмыз. Өзара түсіністік бар. Біз ресейлік және шетелдік клубтармен сөйлестік, Халықаралық хоккей федерациясының не істей алатынын түсінеміз. Егер тәуекелдер болған жағдайда, «Барыс» КХЛ-дан шығуы мүмкін еді, бірақ бәрі заңгерлермен мұқият талқыланды», – деді Морозов журналистерге.