weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстанның дзюдо құрамасы Гуаякильде өткен 2026 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Финалда бразилиялықтармен өткен тартысты кездесуде жеңіс қосымша белдесуде 4:3 есебімен келді.

Қазақстан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды Қазақстан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды
Sports.kz

Қазақстанның дзюдо құрамасы Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан 2026 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Жарыстың аралас командалық финалында қазақстандықтар Бразилия құрамасымен кездесіп, негізгі белдесулер теңескеннен кейін қосымша жекпе-жекте 4:3 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен алтын медаль иеленсе, Бразилия командасы күміс медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жарысты Болгарияны 4:1 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін сенсациялық түрде Жапонияны 4:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық дзюдошылар Өзбекстан құрамасын да 4:2 есебімен тізе бүктіріп, шешуші кездесуге жолдама алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.