Үлкен теннис

Рыбакина US Open-қа қатыспаса да әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатына шықпай қалса да, WTA рейтингінде көш бастау мүмкіндігін сақтап тұр. Ол үшін негізгі бәсекелестері Нью-Йорктегі турнирде титул ала алмауы қажет.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина кей жағдайда US Open-2026 турниріне қатыспаса да, әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.

Цинциннатидегі турнирдің ширек финалында Ига Швёнтекке қарсы кездесуде Рыбакина жарақат алып, оның Нью-Йорктегі жарысқа қатысу-қатыспауына қатысты күдік күшейді. Әзірге ол US Open-2026 жөнінде ресми шешімін жариялаған жоқ.

Соған қарамастан, жекелей сында бақ сынамаса да, Рыбакина Арина Соболенконы басып озуға мүмкіндік таба алады. Бұл үшін Соболенко, Кори Гауфф және Джессика Пегула АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанбауы керек.

Прошыл жылғы US Open ұпайлары есептен шығарылғаннан кейін Рыбакинада 7901 ұпай қалады. Бұл көрсеткіш Соболенко финалда ұтылса, оның 7875 ұпайынан жоғары болады. Ал Пегула мен Гауфф шешуші матчқа шықса, тиісінше 7785 және 7764 ұпай жинайды.

Сонда Рыбакина турнирге қатыспаса да, аталған үш теннисші де трофей иеленбеген жағдайда, рейтингте бәрінен жоғары көтеріліп, әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстан теннисі тарихында әлі бірде-бір спортшы WTA рейтингін жеке өзі басқарған жоқ.

US Open-2026 жарысы 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.