Жаңалықтар

Ақбілек Қуралбай Ташкенттегі Азия чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық жеңіл атлет Ақбілек Қуралбай Ташкентте өтіп жатқан ашық Азия чемпионатында 3000 метрлік кедергілер жүгірісінде үшінші орын иеленді. Ол қашықтықты 10:51,59 нәтижесімен аяқтады.

Қазақстандық жеңіл атлет Ақбілек Қуралбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан ашық Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Ол 3000 метрлік кедергілер жүгірісінде 10:51,59 нәтижесін көрсетті. Бұл сында бірінші орынды өзбекстандық Дильшода Усмонова 10:16,12 уақытпен алды, екінші орын Садафбону Нусратилловаға бұйырды — 10:39,10.

Сол жарыста тағы бір қазақстандық спортшы Ұлданай Абылхан 10:53,88 нәтижесімен төртінші болып мәреге жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта да жүлделер еншілеген болатын: Улоболсын Есирке мен Юлия Башманова алтын медаль иеленсе, Давид Ефремов пен Антонина Чернышова қола жүлдеге қол жеткізді.