weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Жаңалықтар 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақбілек Қуралбай Ташкенттегі Азия чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық жеңіл атлет Ақбілек Қуралбай Ташкентте өтіп жатқан ашық Азия чемпионатында 3000 метрлік кедергілер жүгірісінде үшінші орын иеленді. Ол қашықтықты 10:51,59 нәтижесімен аяқтады.

Ақбілек Қуралбай Ташкенттегі Азия чемпионатында қола жүлде алды Ақбілек Қуралбай Ташкенттегі Азия чемпионатында қола жүлде алды
Sports.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Ақбілек Қуралбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан ашық Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Ол 3000 метрлік кедергілер жүгірісінде 10:51,59 нәтижесін көрсетті. Бұл сында бірінші орынды өзбекстандық Дильшода Усмонова 10:16,12 уақытпен алды, екінші орын Садафбону Нусратилловаға бұйырды — 10:39,10.

Сол жарыста тағы бір қазақстандық спортшы Ұлданай Абылхан 10:53,88 нәтижесімен төртінші болып мәреге жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта да жүлделер еншілеген болатын: Улоболсын Есирке мен Юлия Башманова алтын медаль иеленсе, Давид Ефремов пен Антонина Чернышова қола жүлдеге қол жеткізді.

.

Көп оқылды:

.
.