Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатында Австралияны ұтып, алғашқы жеңісін тіркеді. Тяньцзиньдегі матч үш партияда аяқталды.
Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Тяньцзиньде өткен екінші матчта қазақстандық волейболшылар Австралия құрамасын үш партияда ұтты — 3:0. Партиялар есебі: 25:21, 25:18, 25:21.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі ойыннан кейін 3 ұпай бар.
Айта кетейік, Қазақстан Азия чемпионатын Индонезиядан 0:3 есебімен жеңіліспен бастаған еді. Топтық кезеңдегі соңғы ойында ұлттық құрама Таиланд командасымен кездеседі. Бұл матч сейсенбі, 25 тамызда өтеді.