Монакода 81-ші «Вуэльта Испания» көпкүндігінің алғашқы кезеңі өтті. Бұл 9,4 шақырымға созылған жеке уақытқа жарыс болды.
Кезеңде словениялық Тадей Погачар («UAE Team Emirates — XRG») 10 минут 57 секунд нәтижемен мәреге бірінші жетті. Бірдей уақыт көрсеткен британдық Итан Хейтер («Soudal Quick-Step») екінші орынға тұрақтады. Ал оның отандасы Джошуа Тарлинг («Netcompany INEOS») жеңімпаздан төрт секунд қалып, үшінші орын алды.
XDS Astana Team құрамындағы ең үздік нәтиже италиялық Алессандро Ромеле еншісіне тиді. Ол Погачардан 13 секундқа қалып, 11-орынға көтерілді.
Команданың өзге шабандоздары да жарысты аяқтады: Виктор Лангеллотти — 29-орын, Харольд Техада — 59-орын, Евгений Федоров — 125-орын, Кристиан Родригес — 143-орын, Хенок Мулубран — 155-орын, Даррен ван Беккум — 168-орын, ал Лоренцо Фортунато 176-орын алды.