Криштиану Роналду 25 маусым қатарынан гол соққан алғашқы футболшы болды
41 жастағы Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы матчында гол соғып, әлемдік рекорд орнатты. Ол футбол тарихында 25 маусым қатарынан гол енгізген тұңғыш ойыншы атанды.
«Әл-Насрдың» 41 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы ойынында-ақ көзге түсіп, әлемдік рекорд орнатты.
Ол Сауд Арабиясы чемпионатының екінші турында «Әр-Риядқа» қарсы матчта гол соқты. Кездесу 4:0 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына аяқталды.
Осылайша, Роналду футбол тарихында 25 маусым қатарынан гол соққан алғашқы ойыншы болды. Португалиялық шабуылшы 2002 жылы «Спортингте» дебют жасап, содан бері бірде-бір маусымын голсыз өткізген жоқ.
Криштиану Роналду мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус» және «Әл-Наср» сапында ойнады. Ол саудиялық клубқа 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.