Польялық журналист Лукаш Яхимяк Цинциннати қаласындағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек арасындағы кездесу мерзімінен бұрын аяқталғанына қатысты пікір білдірді.
«Ига Швёнтек — Елена Рыбакина 4:1 және келесі геймде 40:40 кезінде қарсыластың бас тартуы. Өкінішті. Рыбакина US Open-ге дайын болады деп үміттенемін, әрі Иганың толық матч ойнай алмағаны да өкінішті, өйткені оның кезекті өте жақсы ойыны болатыны байқалып тұрды», — деп жазды Яхимяк.
Кездесу бірінші сетте Рыбакинаның 1:4 есебімен ұтылып жатқан тұсында тоқтады. Қазақстандық теннисші аяғындағы жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.
Осы турнирге дейін Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет көш бастау мүмкіндігін сақтап келген еді. Ол бірінші орынға шығу үшін Цинциннатиде финалға дейін жетуі керек болатын, алайда жарыстан шығып қалуына байланысты бұл мүмкіндік жүзеге аспады.
Еске салайық, Рыбакина осы матчқа дейін әлемдік рейтингте жоғары орынға көтерілуге үмітті еді.