weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Футбол 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Реал» Ибраима Конате мен Бернарду Силваны ресми түрде таныстырды

Мадридтің «Реалы» «Сантьяго Бернабеу» стадионында екі жаңа ойыншысын көпшілікке таныстырды. Клуб қорғаушы Ибраима Конате мен жартылай қорғаушы Бернарду Силвамен толықты.

«Реал» Ибраима Конате мен Бернарду Силваны ресми түрде таныстырды «Реал» Ибраима Конате мен Бернарду Силваны ресми түрде таныстырды
Sports.kz

Мадридтің «Реал» клубы «Сантьяго Бернабеу» стадионында екі жаңа ойыншысын ресми түрде таныстырды.

Команда сапына қорғаушы Ибраима Конате және жартылай қорғаушы Бернарду Силва қосылды. Екеуі де енді мадридтік ұжымның намысын қорғайды.

Конатенің соңғы клубы «Ливерпуль» болды. Ол ағылшын командасында 2021 жылдан 2026 жылға дейін ойнады. Бұған дейін француз орталық қорғаушысы «Сошо» мен «РБ Лейпциг» сапында өнер көрсетті.

Бернарду Силва «Реалға» дейін «Манчестер Ситиде» ойнады — ол ағылшын клубының құрамында 2017 жылдан 2026 жылға дейін болды. Португалиялық футболшының мансабында бұған дейін «Бенфика» мен «Монако» да бар.

Айта кетерлігі, қос ойыншы да «Реалға» еркін агент ретінде ауысты.

.

Көп оқылды:

.
.