Қазақстандық белгілі футбол маманы Алмас Күлшинбаев алматылық «Қайраттың» Бельгияның «Андерлехт» клубына қарсы матч алдындағы мүмкіндігін бағалады.
Оның айтуынша, бұл текетірестегі артықшылық әзірге бельгиялықтардың жағында. Күлшинбаев «Қайраттың» жолы 60/40 есебімен «Андерлехтке» қарай ауып тұр деп санайды.
«Шынымды айтсам, шүбәмен қараймын. Егер жарақаттар мен құрамдағы жоғалтулар болмағанда, мүмкіндік тең болар еді. Қазір алматылықтардың проблемаларын ескерсек, өтудің мүмкіндігі бельгиялықтарда көбірек. Дегенмен мен «Қайратқа» жанкүйермін, сәттілік тілеймін. «Селтикке» қарсы ойында да көпшілік күмәнданған еді, бірақ Қазақстан чемпионы бәрімізді қуантты. Сол ғажайыптың қайталануын күтейік», — деді маман.
«Қайрат» — «Андерлехт» кездесуі бүгін Алматыда өтеді. Матч 20:00-де басталады. Қарымта ойын 27 тамызда Брюссельде (Бельгия) болады.