«Тоттенхэм» «Манчестер Ситиден» шабуылдағы екі ойыншыны қатар қатарға қосу үшін жұмыс істеп жатыр. Клуб вингер Савиньо мен шабуылшы Омар Мармушқа көз тігіп отыр.
Дэвид Орнштейннің мәліметіне қарағанда, лондондықтар 22 жастағы бразилиялық пен 27 жастағы мысырлықты шабуылды күшейтетін негізгі футболшылар ретінде бағалап отыр.
Қазіргі кезде екі клуб арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр. «Тоттенхэм» осы арқылы алдағы маусымға құрамын айтарлықтай жаңартуды көздейді.