Джонс Махачевтің GOAT мәртебесі туралы пікірге жауап берді
Джон Джонс Ислам Махачевті барлық уақыттың ең үздік жекпе-жек шеберлерінің қатарына қосу туралы айтылған пікірге тосын реакция білдірді. Америкалық спортшы әлеуметтік желіде бұл тақырыпты түсіндіруді сұрады.
UFC-тің жартылай ауыр салмақ пен ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы, 39 жастағы америкалық Джон Джонс 34 жастағы Ислам Махачевке қатысты айтылған GOAT мәртебесі жөніндегі пікірге жауап берді.
Махачев қазір UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы. Оның есімі соңғы күндері барлық уақыттың ең үздік жекпе-жек шебері саналатын спортшылардың қатарында атала бастаған еді.
«Әлеуметтік желіге кіріп, жаңа GOAT пайда болғанын естідім бе? Мен мүлдем түсінбей тұрмын, маған мұның мәнін түсіндіріп беріңдерші», — деп жазды Джонс Х желісіндегі парақшасында. Ол жазбасына титулдық жекпе-жектердегі жеңістер статистикасын да қоса жариялаған.
Бұған дейін Махачевтің бапкері Хавьер Мендес Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін шәкірті GOAT тізіміне енгенін айтқан еді. Алайда оның жеке көшбасшы атануы үшін әлі екі-үш жекпе-жекте жеңіске жетуі қажет екенін атап өтті.