weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 14:10 / SportRoom / Үлкен теннис 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина Цинциннатиде финалға шықса, әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет көш бастауға жақындады. Ол Цинциннатидегі турнирде финалға шықса, әлемнің бірінші ракеткасы болады.

Елена Рыбакина Цинциннатиде финалға шықса, әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін Елена Рыбакина Цинциннатиде финалға шықса, әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін
Championat Теннис

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілуі мүмкін. Ол үшін Қазақстан өкілі АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан «мыңдық» турнирдің финалына шығуы керек.

Рыбакина бұған дейін 1/4 финалға өтіп, ресейлік Диана Шнайдерді 6:4, 6:4 есебімен ұтқан еді. Ал Беларусь өкілі Арина Соболенко жарыстың төртінші айналымында әлемнің 35-ракеткасы, чехиялық Сара Бейлекке 6:7 (7:9), 4:6 есебімен жол берді.

Егер Елена финалға дейін жетсе, ол рейтингте бірінші орынға көтеріліп қана қоймай, US Open турнирінде де бірінші сеуілді болады.

Ширек финалда Рыбакина турнирдің қазіргі чемпионі Ига Швёнтекпен кездеседі. Бұған дейін Торонтодағы «мыңдықтың» финалында Елена Польшаның теннисшісіне 2:6, 3:6 есебімен есе жіберген болатын.

.

Көп оқылды:

.
.