weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:21 / SportRoom / Үлкен теннис 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мирра Андреева WTA 1000 турнирлерінде жаңа рекорд орнатты

Ресейлік теннисші Мирра Андреева Цинциннатидегі турнирде Индонезия өкілі Джанис Тьенді жеңіп, жас ойыншылар арасындағы ерекше межеге жетті. Ол WTA 1000 жарыстарындағы жеңістер саны бойынша Кори Гауффтан асып түсті.

Мирра Андреева WTA 1000 турнирлерінде жаңа рекорд орнатты Мирра Андреева WTA 1000 турнирлерінде жаңа рекорд орнатты
Sports.kz

Әлемнің 6-ракеткасы Мирра Андреева Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінде тарихи көрсеткіш тіркеді. Ол 1/16 финалда индонезиялық Джанис Тьенді екі сетте ұтып, ірі жарыстардағы жеңістер саны бойынша жаңа межеге жетті.

Андреева 54-жеңісіне қол жеткізіп, осы формат енгізілген 2009 жылдан бергі 20 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы үздік нәтижені жаңартты. Бұған дейінгі рекорд Кори Гауффқа тиесілі болған, оның еншісінде 53 жеңіс бар еді.

Кездесу бір сағат 40 минутқа созылды. Алғашқы сетте Андреева 6:1 есебімен басым түссе, екінші партия тай-брейкке дейін жетіп, 7:6 (5) есебімен аяқталды.

«Мирра Андреева WTA 1000 турнирлерінде 54-жеңіске жетіп, Кори Гауффтан озды. Бұл — 2009 жылдан бері осы форматтағы жасөспірім теннисшілер арасындағы ең жақсы нәтиже. Тамаша», — делінген жазбада.
.

Көп оқылды:

.
.