«Ливерпуль» «ПСЖ» шабуылшысы Ибрагим Мбайемен бес жылдық келісімге келісті
Англияның «Ливерпулі» «ПСЖ» шабуылшысы Ибрагим Мбайені қатарға қосуды көздеп отыр. 18 жастағы вингер бес жылдық келісімшартқа қол қоюға келіскен.
«ПСЖ» шабуылшысы Ибрагим Мбайе «Ливерпульмен» бес жылдық келісімшартқа қол қоюға келісті. Енді ағылшын клубы 18 жастағы вингерді жазғы трансфер кезеңінде алдыру үшін париждік командамен келіссөздерді жеделдетпек.
Бұл туралы RMC Sport хабарлады. Мерсисайдтық ұжым Мбайенің ауысуына қатысты талқылауды тезірек аяқтап, мәмілені рәсімдеуге ұмтылып отыр.
Сонымен бірге «Ливерпуль» «ПСЖ»-ның тағы бір шабуылшысы Брэдли Баркола бойынша да келіссөз жүргізіп жатыр. Осы аптада жаңа ұсыныс жасалуы мүмкін.
Мбайе — «ПСЖ» академиясының түлегі. Өткен маусымда ол барлық турнирде 31 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Ойыншының клубпен қазіргі еңбек келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы құны € 30 млн.