Футбол

Павлодарлық «Ертіс» бас бапкер Марат Еслямовпен келісімшартты бұзады

Павлодарлық «Ертіс» бас бапкер Марат Еслямовпен келісімшартты тоқтатуға келісті. Жаңа бас бапкер 21 тамыздан бастап жұмысқа кіріседі деп күтіліп отыр.

Павлодарлық «Ертіс» бас бапкер Марат Еслямовпен келісімшартты бұзу жөнінде келісімге келді.

Құраманың ішкі ахуалын жақсы білетін инсайдердің мәліметінше, клуб басшылығы оның орнына келетін маманды да анықтап қойған. Жаңа бас бапкер 21 тамызда қызметке кіріседі.

Қазір «Ертіс» Қазақстан премьер-лигасында 22 турдан кейін соңғы орында тұр.

Еслямов павлодарлық клубқа осы жылдың 1 шілдесінде тағайындалған еді. Ол Нұрбол Жұмасқалиевтің орнына келген болатын.

48 жастағы маманның жетекшілігімен «Ертіс» алты матч өткізіп, екі рет жеңіске жетті, бір рет тең түсті және үш кездесуде жеңілді.