Ислам Махачевтің бапкері Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қарсы емес екенін айтты
Хавьер Мендес Ислам Махачевтің келесі қарсыластарының бірі ретінде Шавкат Рахмоновты атады. Оның сөзінше, чемпион кез келген мықты үміткермен айқасуға дайын.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісетінін айтты.
Мендестің сөзінше, командаға тек ең мықты, қолжетімді қарсыластар қажет. Ол Карлос Пратес, Майкл Моралес және Шавкат Рахмоновтың кез келгенімен айқасуға дайын екенін атап өтті.
«Егер бұл Карлос Пратес болса — керемет, Майкл Моралес болса — керемет, Шавкат болса — ол да жақсы. Шықсын. Маған бәрібір, Исламға да кіммен жұдырықтасатыны маңызды емес. Егер біз оны P4P рейтингінде бірінші орынға қойсақ, онда ешкімнен қорықпауымыз керек. UFC үміткерді өзі таңдайды — сол қарсыласпен айқасамыз. Біз дайындаламыз және әрбір қарсыласқа құрметпен қараймыз», — деді Мендес Submission Radio-ға берген сұхбатында.
Шавкат Рахмоновтың рекорды — 19-0. Қазақстандық спортшы 2024 жылдың желтоқсан айынан бері октагонға шыққан жоқ. Сол кезде ол Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
2026 жылдың қаңтарында Рахмонов тізесіне тағы ота жасатты. Сол кезде оның қалпына келу мерзімі тоғыз-он ай деп бағаланған.
Махачев те соңғы жекпе-жегінде Гэрриді төрешілер шешімімен жеңіп, UFC 330 турнирінде жартылай орта салмақтағы белбеуін алғаш рет қорғады. Бұл жеңіс ресейлік спортшы үшін UFC-дегі қатарынан 17-ші табыс болды.