Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов америкалық промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің мансабындағы ең ауыр қарсылас ретінде бағаланды.
Егер Махачев алдымен Карлос Пратес пен Майкл Моралесті жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалса, оны жеңіліс көрмеген Шавкатпен айқас күтуі мүмкін.
Жазбада жекпе-жекке арналған ықтимал жоспар да келтірілген: Махачев — Пратес жекпе-жегі 2026 жылдың желтоқсаны немесе 2027 жылдың қаңтарына, одан кейінгі кезеңде Рамазан айы, сауығу мен дайындық уақыты 2027 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін созылуы мүмкін. Содан соң Махачев — Моралес кездесуі International Fight Week 2027 аясында, ал Махачев — Шавкат айқасы Madison Square Garden-де 2027 жылдың қарашасында өтуі ықтимал.
Шавкат Рахмоновтың кәсіби көрсеткіші мінсіз күйінде қалып отыр — 19 жеңіс, соның 18-і мерзімінен бұрын аяқталған. Оның ең ірі жетістіктерінің қатарында Иэн Мачадо Гэрри, Стивен Томпсон, Джефф Нил және Нил Мэгниді ұтуы бар.
Қазір Рахмонов тізесіне жасалған операциядан кейін қалпына келу кезеңін өткеріп жатыр. Соңғы жаттығу видеолары оның залға қайта оралғанын көрсетеді, ал командасы спортшының жағдайы жақсы екенін және оралуы 2027 жылы күтілетінін айтқан.