weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазыбек Қалмағамбетов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Қазыбек Қалмағамбетов Братиславада өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Ол финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13:7 есебімен жеңді.

Қазыбек Қалмағамбетов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды Қазыбек Қалмағамбетов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды
Sports.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

67 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінің финалында 19 жастағы қазақстандық балуан Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен белдесіп, тартысты кездесуде 13:7 есебімен басым түсті. Осы нәтижемен Қалмағамбетов жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Жарысты сенімді бастаған Қазыбек алғашқы айналымда неміс Себастьян Вагнерді 9:0 есебімен ұтты. Ал 1/8 финалда америкалық Эмрин Наттермен 1:1 есебі тіркелген белдесуде қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіске жетті.

Кейін ол Египет балуаны, 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы Мохамед Абдельрахимді 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті. Бұл кезеңде Қалмағамбетов Венгриядан келген Петро Житовоздан 7:5 есебімен айласын асырды.

Осылайша, қазақстандық балуан алтын медальға дейінгі жолда бес жеңіске жетті.

.

Көп оқылды:

.
.