Дастан Сатпаевтың трансферы аптаның үздік келісімдері қатарына енді
Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың «Челсиге» ауысуын аптаның ең маңызды трансферлерінің ондығына қосты. Жас футболшының Лондон клубындағы келісімі 2033 жылға дейін есептеледі.
Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың «Челсиге» ауысуын аптаның ең үздік трансферлерінің қатарына енгізді.
Басылымның жазуынша, лондондық клуб пен «Қайрат» Сатпаевтың ауысуына 2025 жылдың ақпанында-ақ келіскен. Алайда футболшы 18 жасқа толғаннан кейін ғана бұл келісім ресми күшіне енді. Оның «Челсимен» жасасқан шарты 2033 жылға дейін жарамды.
Дастан жазғы сапар кезінде «Челсидің» негізгі құрамымен бірге Австралия мен Азияда өткен турнеға қатысып үлгерді. Ол төрт матчта алаңға шығып, «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына гол соқты.
Енді 2026/27 маусымын қазақстандық шабуылшы жалға негізінде «Бернли» сапында өткізеді. Чемпионшипте ол ағылшын футболының қарқыны мен деңгейін толық сезінбек.
Айта кетейік, Сатпаев 18 жасқа толған соң ғана ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанды.