Роналду футболдағы соңғы маусымы туралы мәлімдеме жасады
«Аль-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын аяқтауға ойысып отырғанын мәлімдеді.
41 жастағы «Аль-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын айтты.
«Бәлкім, бұл менің футболдағы соңғы жылым болар, сондықтан артымда әсерлі із қалдырғым келеді. Істерім соншалықты көп, бірден бір нәрсені бөліп айту қиын. Футбол өмірімде үлкен бос орын қалдыруы мүмкін, сондықтан уақытымды түрлі нәрселермен толтыру керек, тек біреуімен ғана емес», — деді Роналду.
«Әрі көбірек көңіл көтеріп, көбірек саяхаттағым келеді, өзіме қатты ұнайтын падел ойынын ойнап, көрермен болғым келеді. Әлі жеткен жетістіктерімнің қызығын көремін. Сайып келгенде, бұл — құрбандыққа толы 25 жыл болды», — деп қосты футболшы.
Кәсіби мансабында Криштиану Роналду «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» клубтарының түсінде ойнаған. Қазіргі уақытта ол Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойын көрсетіп жүр.