weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ислам Махачев Андерсон Силваны басып озып, UFC тарихында рекорд орнатты

Ислам Махачев UFC 330 турнирінде Иэн Гэрриді жеңіп, жеңілмей жеңіске жеткен матчтар санын 17-ге жеткізді. Осылайша ол Андерсон Силваның 16 жеңістен тұратын рекордын жаңартты.

Ислам Махачев Андерсон Силваны басып озып, UFC тарихында рекорд орнатты Ислам Махачев Андерсон Силваны басып озып, UFC тарихында рекорд орнатты
Sports.kz

Ресейлік боец Ислам Махачев (жалпы есебі 29-1) UFC ұйымының тарихында бірізді жеңістер саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Ол қатарынан 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, бразилиялық аңызды Андерсон Силваны басып озды. Силваның осы уақытқа дейін 16 жеңістен тұратын рекорды тарихта ең ұзақ сериялардың бірі болып саналатын.

Қазақстан уақыты бойынша сейсенбі күні таңертең өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде Махачев ирландиялық Иэн Гэрримен кездесті. Матч Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Xfinity Mobile Arena алаңында өтті.

Бес раундтан тұрған қатты күреста Ислам Махачев қарсыласынан басым түсіп, судьялардың бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Есеп мынадай болды: 49-46, 49-46, 48-47.

Осы жеңіс арқасында Махачев UFC-тің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғап шықты әрі ұйым тарихындағы ең көп бірізді жеңіс жасаған боец атанды.

.

Көп оқылды:

.
.