Мұхаммед Салах «Трабзонспор» құрамында дебют жасады
Мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салах Түркия Суперлигасының бірінші турындағы «Касымпашамен» кездесуде (1:1) «Трабзонспор» түсінде тұңғыш рет ойын алаңына шықты.
34 жастағы мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салах Түркия футбол Суперлигасының алғашқы турында өткен «Касымпаша» кездесуінде «Трабзонспор» құрамында дебют жасады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Вингер алаңға екінші таймда, 58-минутта шықты, бірақ гол не гол пас секілді нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.
Салах «Трабзонспорға» «Ливерпульден» кеткеннен кейін еркін агент мәртебесімен көшіп келді. Ол «қызылдар» құрамында Англия чемпионатын екі рет (2019/2020 және 2024/2025 маусымдарында) жеңіп алған, Чемпиондар лигасының (2018/2019) және клубтық әлем чемпионатының (2019) чемпионы атанған болатын.
Сонымен қатар мысырлық футболшы «Ливерпуль» түсінде Англия кубогін (2021/2022), Ағылшын лигасының кубогін екі мәрте (2021/2022, 2023/2024), Англия Суперкубогін (2022) және УЕФА Суперкубогін (2019) жеңіп алған.