weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан суда көркем жүзу бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатында тарихи «күміс» жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова Будапешттегі суда көркем жүзу бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан үшін аралас дуэттер сынында тарихи жетістік.

Қазақстан суда көркем жүзу бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатында тарихи «күміс» жеңіп алды Қазақстан суда көркем жүзу бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатында тарихи «күміс» жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстандық суда көркем жүзу спортшылары Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова Венгрияның Будапешт қаласында өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионатында күміс медальге ие болды.

Аралас дуэттер арасындағы еркін бағдарлама финалында қазақстандық жұп 248,1058 балл жинап, екінші орынды иеленді.

Жарыстың жеңімпазы атанған испандық Арнан Санта-Крус пен Санчес Агилар 263,2992 балл жинады. Ал қола медальді 246,9850 балл жинаған жапондық Хейзо Айтака мен Манами Додо жеңіп алды.

Рамазанов пен Исламованың күміс жүлдесі Қазақстан үшін тарихи маңызға ие — бұған дейін елдің жас өкілдері әлем чемпионатының аралас дуэттер сынында мұндай жетістікке жете алмаған болатын.

Бұл марапат Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі екінші жүлде болды. Бұған дейін Виктор Друзин ерлер арасындағы техникалық жеке жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.