Үлкен теннис

Цинциннати турнирінде Рыбакина мен Швёнтектің кездесуі күтілуде

АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 турнирінің баспасөз қызметі ширек финалда болуы мүмкін қызықты қарсыласулар туралы жариялады, солардың бірі — Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек арасындағы кездесу.

Америка Құрама Штаттарының Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарты финалда орын алуы ықтимал қызықты қарсыласулар тізімін жариялады.

Жеребьевка нәтижесіне сәйкес, жарты финалда мынадай жұптар кездесуі мүмкін: Арина Соболенко — Элина Свитолина, Кори Гауфф — Мирра Андреева, Линда Носкова — Джессика Пегула, сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина — Ига Швёнтек.

«Элиталық сегіздік жақындап келе ме? Болжамдарыңызды жасаңыз», — делінген турнирдің ресми жариялымында.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Цинциннатидегі жарысты екінші кезеңнен бастайды. Ол Тейлор Таунсенд бен Камила Осорио арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Cincinnati Open турнирінің негізгі торы 13 тамызда басталады. Әйелдер жарысының жалпы жүлде қоры 7 миллион 433 мың 76 долларды құрайды, ал чемпион атанған теннисші 1 миллион 86 мың 220 доллар және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.