Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 сериясының турнирінде жартылай финалға шығып, теннис тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізді.
Рыбакина 1990 жылы Tier форматы енгізілгеннен бері бірнеше маусымда Солтүстік Американың үш ірі турнирінде — Индиан-Уэллсте, Майамиде және Монреаль/Торонтода — кемінде жартылай финалға шыға алған екінші теннисші атанды.
Бұған дейін мұндай нәтижеге тек бұрынғы бірінші ракетка, «Үлкен шлем» турнирлерінің бесекі жеңімпазы Мартина Хингис қана жете алған. Швейцариялық жұлдыз бұл жетістікті 1998 және 2000 жылдары көрсетсе, Рыбакина оны алдымен 2023 жылы, ал енді екінші рет 2026 жылы қайталады.
2023 жылы қазақстандық спортшы Индиан-Уэллсте чемпион атанып, Майамиде финалға, ал Монреальде жартылай финалға шыққан болатын. Ағымдағы маусымда Рыбакина осы үш турнирдің әрқайсысында да кемінде жартылай финалға жетті: Индиан-Уэллсте финалға шығып, үш сеттік тартыста Арина Соболенкоға есе жіберсе, Майамиде де сол қарсыласынан жартылай финалда ұтылған.
Жетістіктің үшінші бөлігін Рыбакина Торонтода жасады. Ширек финалда ол «Үлкен шлем» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Наоми Осакадан 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен еріктілік танытып жеңіске жетті. Бұл жеңіс оны карьерасындағы 14-ші, ал ағымдағы маусымдағы үшінші WTA 1000 жартылай финалына алып шықты.
Турнир финалына жолдама үшін Рыбакина америкалық теннисші Коко Гауффпен кездеседі.