weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Үлкен теннис 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рыбакина Монреальдегі турнирде Осакамен ширек финалда кездеседі

Қазақстанның үздік теннисшісі, WTA рейтингінде 2-ші орындағы Елена Рыбакина Монреальде өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жапон теннисшісі Наоми Осакамен бетпе-бет келеді.

Рыбакина Монреальдегі турнирде Осакамен ширек финалда кездеседі Рыбакина Монреальдегі турнирде Осакамен ширек финалда кездеседі
Sports.kz

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте екінші орын алатын Елена Рыбакина Монреальде өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына жолдама алды. Мұнда ол жапониялық Наоми Осакамен (рейтингте 13-ші орында) сынға түседі.

Кездесу Қазақстан уақыты бойынша сәрсенбі күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Бұл матч турнирдің шешуші кезеңіне жол ашатын маңызды кездесулердің бірі болып отыр.

Жеңіске жеткен теннисші жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчич пен америкалық Кори Гаффтың арасындағы қарсыласуда үстем түскен спортшымен кездеседі.

Турнирдің жалпы сыйлық қоры 7 миллион 433 мың доллардан асады. Жалғыздар разрядында жеңіске жеткен теннисші 1 миллион 85 мың доллардан астам ақшалай сый мен 1000 рейтинг ұпайын қанжығасына байлайды. Өткен маусымның чемпионы — канадалық Виктория Мбоко.

Рыбакина соңғы кездегі жақсы формасын көрсетіп, көптеген жарыста көрнекті нәтижелер көрсетіп келеді, бұл оның Монреаль турнирінде де жоғары нәтижеге үміт артуға негіз береді.

.

Көп оқылды:

.
.