weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:21 / SportRoom / Күрес 17
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шавкат Рахмоновтың соңғы кездесуден кейінгі ауыр кезеңі белгілі болды

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегінен кейін бірінен соң бірі ауыр сынақтарға тап болды. Француз басылымы бапкердің өмірінде болған оқиғаларды тізбектеп жазды.

Шавкат Рахмоновтың соңғы кездесуден кейінгі ауыр кезеңі белгілі болды Шавкат Рахмоновтың соңғы кездесуден кейінгі ауыр кезеңі белгілі болды
Sports.kz

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегінен кейінгі кезеңде бірнеше ауыр оқиғаны бастан өткерді. Бұл туралы француздың La Sueur басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, Рахмонов тізе жарақаты салдарынан чемпиондық белдік үшін өтетін кездесуге шыға алмай қалған. Кейін жарақат қайта қозып, спортшының жарыстан тыс қалу мерзімі ұзарған.

Оған қоса, 2025 жылдың шілдесінде Рахмоновтың әйелі мен ұлы Алматы — Екатеринбург трассасында ауыр жол апатына тап болған. Апат салдарынан екі әйел қайтыс болып, бапкердің жары мен баласы ауруханаға жеткізілген. 2026 жылдың наурызында сот Гулайым Рахмонованы жол қозғалысы ережесін бұзып, екі адамның қазасына себепші болды деп танып, кінәлі деп жариялады. Сол айда Рахмоновтың жарынан ажырасатыны туралы ақпарат та тарады.

Осыдан бөлек, 2026 жылдың 2 тамызында Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысов қайтыс болды. Ол 65 жаста еді.

Осындай ауыр сынақтарға қарамастан, спортшы соңғы кезде толыққанды жаттығу процесіне қайта оралып, спаррингтер өткізуде. Тамыз айының басында ол Фаниль Рафиков есімді жауынгермен спарринг жасады.

Шавкат Рахмоновтың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриге қарсы өткен болатын. Қазақстандық жауынгер төрешілердің бірауыздан шешімімен 48:47, 48:47, 48:47 есебімен жеңіске жетіп, кәсіби рекордын 19-0-ге жеткізген еді.

.

Көп оқылды:

.
.