weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Үлкен теннис 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рыбакина Самсонованы жеңіп, Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто турнирінің 1/8 финалында ресейлік Людмила Самсонованы жеңіп, жарысты жалғастырды. Жеңістен кейін спортшы эмоциясын жасырмады.

Рыбакина Самсонованы жеңіп, Торонто турнирінің ширек финалына шықты Рыбакина Самсонованы жеңіп, Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Sports.kz

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында ресейлік Людмила Самсонованы (рейтингте 55-орын) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Кездесу үш сеттен тұрды және өте қиын өтті. Рыбакина алғашқы сетті 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтағанымен, екінші партияда 4:6 есебімен ұтылды. Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші 0:3 есебінен артта қалды, алайда ойынын түбегейлі өзгертіп, қарсыласын 6:4 есебімен жеңе білді.

Жеңістен кейін Рыбакина эмоциясын жасыра алмады және матчтың аса ауыр болғанын мойындады.

Бұл өте ауыр матч болатынын білдім. Людмиламен ойнаған сайын нағыз шайқас болады. Қазір сөз таба алмай тұрмын... Мен қатты шаршадым! Бірақ шексіз бақыттымын. Әр ұпайға максималды шоғырлануға тырыстым. Людмила да агрессивті ойнайтын теннисші, сондықтан мен алға жылжымасам, ол бірінші болып жасауы мүмкін еді. Келесі раундқа шыққаныма өте қуаныштымын, — деді Рыбакина.

Осылайша қазақстандық спортшы Торонто турнирінде күресін жалғастырып, ширек финалда жаңа қарсыласымен кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.