weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Үлкен теннис 17
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде Рыбакинаның Самсоноваға қарсы камбэгін талдады

Ресейлік «Чемпионат» порталы Елена Рыбакинаның Торонто турнирінің 1/8 финалында Людмила Самсоноваға қарсы жеңісін егжей-тегжейлі талдады.

Ресейде Рыбакинаның Самсоноваға қарсы камбэгін талдады Ресейде Рыбакинаның Самсоноваға қарсы камбэгін талдады
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан Торонто турнирінің 1/8 финалында ресейлік Людмила Самсоноваға қарсы қиын кездесуде жеңіске жетті. Матчты ресейлік «Чемпионат» порталы жан-жақты сипаттады.

Бірінші сеттің басында екі спортшы да бір-бірінің подачасын алмастырып отырды — 1:1, кейін есеп 3:3-ке жетті. Рыбакина Самсонованың подачасын тағы бір рет тартып алса да, ресейлік теннисші жоғалтқанын тез қайтарды — 4:4. Алайда Елена өз подачасын нөлге алып, 5:4-ке шықты, соңынан қабылдауда сетті аяқтады — 6:4, 59 минутта.

Екінші парти басында теннисшілер тек өз подачаларын ғана сақтап отырды, бірақ төртінші геймде Рыбакинада алға шығуға екі мүмкіндік туындады. Дегенмен Самсонова төтеп берді — 2:2, содан кейін өзі брейк жасады — 3:2. Осыдан кейін ойыншылар ойын барысын өзгертетін мүмкіндік ала алмады, нәтижесінде Самсонова осы сетті 6:4 есебімен, 53 минутта өз пайдасына аяқтады.

Шешуші үшінші сеттің басы Рыбакина үшін өте сәтсіз өтті — алдымен өз подачасын жоғалтып, 0:1, содан кейін екіншісін де берді — 0:3. Әлемнің екінші ракеткасы жеңіліске ұшырайтын секілді көрінгенімен, қазақстандық теннисші мінез көрсетті. Елена алдымен бір брейкті қайтарды — 1:3, содан соң есепті теңестірді — 3:3. Сегізінші геймде Рыбакина үш брейк-пойнт жасаса да, оларды іске асыра алмады — 4:4.

Алайда сәл кейінірек Елена қабылдауда нөлдік есеппен матчтың жеңімпаз нүктесін қойды. Кездесу 6:4, 4:6, 6:4 есебімен, 2 сағат 55 минутқа созылды.

Ширек финалда Елена Рыбакина жапониялық Наоми Осакамен кездеседі. Бұл матч 11 тамызда өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.