Футбол

«Кайрат» — «Левски»: Лига чемпионаты жауап кездесуінің күні мен уақыты белгілі болды

Алматылық «Кайрат» 11 тамызда Лига чемпионаты үшінші іріктеу кезеңінің жауап кездесуінде болгариялық «Левскимен» Түркістанда сынға түседі. Кездесу «Qazsport» арнасы арқылы тікелей көрсетіледі.

Сейсенбі, 11 тамызда, алматылық «Кайрат» Еуропа чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық «Левски» клубымен жауап кездесуін өткізеді. Матч Түркістан қаласында қазақстандық уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы ұсынады. Бастапқыда матч Алматыда өтуі тиіс еді, алайда Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіндіктен, кездесу Түркістанға көшірілді.

Софиядағы бірінші кездесуде Рафаэль Ұразбахтин басқаратын «Кайрат» «Левскиден» 0:1 есебімен ұтылған болатын. Жалғыз голды қосымша уақытта, 90+2 минутта, «Левски» ойыншысы Сержиньо соққан еді.

Осы қарсыласу жеңімпазы плей-офф кезеңінде грекиялық АЕК-пен ойнайды. Ал жеңіліс тапқан команда Еуропа лигасына өтіп, онда «Андерлехт» (Бельгия) мен ПАОК (Греция) арасындағы қарсыласудың жеңімпазымен кездеседі.