weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Күрес 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Гэтжидің менеджері оны Махачевпен қоштасу жекпе-жегіне шығаруды ұсынды

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Джастин Гэтжидің менеджері Али Абдель-Азиз американдықтың соңғы жекпе-жегін жарты орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевпен өткізуді ұсынды.

Гэтжидің менеджері оны Махачевпен қоштасу жекпе-жегіне шығаруды ұсынды Гэтжидің менеджері оны Махачевпен қоштасу жекпе-жегіне шығаруды ұсынды
Sports.kz

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Джастин Гэтжидің менеджері Али Абдель-Азиз спортшының карьерасын аяқтайтын соңғы жекпе-жегін жарты орта салмақ чемпионы Ислам Махачевпен өткізуді ұсынды.

37 жастағы Гэтжи маусым айында Илия Топурияны сенсациялық түрде жеңіп, толыққанды чемпион атанған болатын. Американдық бұрын карьерасының соңына жақындағанын мойындаған, дегенмен алдағы уақытта тағы қанша жекпе-жек өткізетінін нақтыламаған.

Абдель-Азиздің пікірінше, Гэтжи октагонға тағы шығатын болса, ол ең алдымен қаржылай тұрғыдан ең тиімді жекпе-жекті таңдауы керек.

Егер Джастин Гэтжи бір ғана жекпе-жек таңдауы керек болса, мен оның ең үлкен атпен, ең үлкен гонорар әкелетін қарсыласпен шығуын қалаймын. Бұл міндетті түрде титул үшін болуы шарт емес — жарты орта салмақ, жеңіл салмақ немесе BMF белдігі үшін болуы мүмкін. Ең бастысы — оған гонорарда ең көп нөл беретін нұсқа

Менеджердің айтуынша, жеңіл салмақ дивизионындағы қазіргі талапкерлердің көбі Гэтжидің спорттық мұрасына ерекше ештеңе қоса алмайды.

Осы жігіттердің ешқайсысы Джастин Гэтжидің мұрасына бірдеңе қоса алады деп ойламаймын. Чарльз Оливейра көп рет берілуге мәжбүр болды. Арман Царукян — дивизиондағы ең ауыр қарсылас шығар, келешекте чемпион болады деп ойлаймын. Макс Холлоуэй Джастинді жеңген еді — жақсы. Бірақ шынымды айтсам, егер Топурия өз жекпе-жегін жеңіп алса, кезекті қарсыласы Ислам Махачев болар еді. Сондықтан ойлаймын: егер Гэтжи Исламмен согысқысы келсе, неге бұл мүмкіндікті алмасқа? Ол жеңіл салмақ белдігін босатуы мүмкін. Егер дәл осы нұсқа ең үлкен гонорар әкелетін болса, онда басты бағыт осы болуы керек

Абдель-Азиз Гэтжидің де, Махачевтің де мүддесін білдіреді. Ресейлік бұрын UFC-дің жеңіл салмағында чемпион атанған, кейін жарты орта салмаққа көтеріліп, екінші дивизионда да белдік жеңіп алған болатын.

Дегенмен түпкілікті шешімді менеджер спортшының өзі мен оның бапкерлер тобына қалдырғысы келеді.

Ақыр соңында, Джастин Гэтжидің ММА-дағы ең ақылды бапкерлерінің бірі бар. Мен осы адамды көзімді жұмып тыңдауға дайынмын. Джастинмен кім согысатынын дәл сол шешуі керек, өзі де қарсыласын таңдайды. Нұсқа өте көп — бұл Максбен реванш болуы мүмкін. Ал Чарльз Оливейра маған тұлғалық тұрғыдан ерекше ештеңе ұсынбайды

Сұхбат барысында Камару Усман менеджерден Гэтжиді UFC тарихындағы ең үздік америкалық спортшы деп санауға бола ма деп сұрады. Абдель-Азиз өз клиентін Джон Джонс сынды белгілі америкалық спортшылардан жоғары қойды,

.

Көп оқылды:

.
.