Күрес

Дулат Кенесбеков чемпиондық белдік үшін өткен айқаста бірінші раундта жеңілді

Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде қазақстандық ММА жауынгері Дулат Кенесбеков ресейлік Тамирлан Саралаповқа чемпиондық жекпе-жекте есе жіберді. Кездесу бірінші раундта аяқталды.

Пекин қаласында өткен Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде аралас жекпе-жек бойынша чемпиондық айқас болды. Онда қазақстандық боксшы Дулат Кенесбеков (5-1) ресейлік қарсыласы Тамирлан Саралаповпен (7-1) сынға түсті.

Бес раундқа есептелген жекпе-жекте Naiza FC лигасының жартылай орта салмақ дәрежесіндегі бос тұрған чемпиондық белдігі бәйгеге қойылды. Алайда айқас ұзаққа созылмады — Саралапов бірінші раундтың өзінде қарсыласын тұншықтыру тәсілімен мойынсұндырып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Тамирлан Саралапов кәсіби карьерасындағы сегізінші жеңісін тіркеп, чемпиондық белдікті иеленді. Ал Дулат Кенесбеков үшін бұл кәсіби ММА-дағы екінші жеңіліс болды.