Пекин қаласында өткен Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде аралас жекпе-жек бойынша чемпиондық айқас болды. Онда қазақстандық боксшы Дулат Кенесбеков (5-1) ресейлік қарсыласы Тамирлан Саралаповпен (7-1) сынға түсті.
Бес раундқа есептелген жекпе-жекте Naiza FC лигасының жартылай орта салмақ дәрежесіндегі бос тұрған чемпиондық белдігі бәйгеге қойылды. Алайда айқас ұзаққа созылмады — Саралапов бірінші раундтың өзінде қарсыласын тұншықтыру тәсілімен мойынсұндырып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша Тамирлан Саралапов кәсіби карьерасындағы сегізінші жеңісін тіркеп, чемпиондық белдікті иеленді. Ал Дулат Кенесбеков үшін бұл кәсіби ММА-дағы екінші жеңіліс болды.