Күрес

Қазақстандық ММА жауынгері Пекинде нокаутпен ұтылды

Қазақстандық Алтынбек Магаз Қытайдағы Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде жергілікті файтер Сяофэй Цюден нокаутпен жеңіліп қалды. Кездесу лига баспасөз қызметінің пікірінше «жылдың нокауты» атанды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберi Алтынбек Магаз (7-3) Пекинде өткен Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде рингке шықты. Қарсыласы қытайлық Сяофэй Цю (0-1) болды.

Кездесу кикбоксинг ережелері бойынша өтіп, бірінші раундта-ақ аяқталды. Матч соңы қытайлық спортшының нокаутпен жеңісімен тынды. Бұған дейін қазақстандық жауынгер үш рет нокдаунға түскен еді.

Naiza FC лигасының баспасөз қызметі бұл жекпе-жекті «жылдың нокауты» атанып қалуға үміткер деп атады.

Осылайша Сяофэй Цю өзінің кәсіби ММА мансабындағы алғашқы жеңісін тіркесе, Алтынбек Магаз үшін бұл төртінші жеңіліс болды.