weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Күрес 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық ММА жауынгері Пекинде нокаутпен ұтылды

Қазақстандық Алтынбек Магаз Қытайдағы Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде жергілікті файтер Сяофэй Цюден нокаутпен жеңіліп қалды. Кездесу лига баспасөз қызметінің пікірінше «жылдың нокауты» атанды.

Қазақстандық ММА жауынгері Пекинде нокаутпен ұтылды Қазақстандық ММА жауынгері Пекинде нокаутпен ұтылды
Sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберi Алтынбек Магаз (7-3) Пекинде өткен Naiza FC: Diamond Fight Night турнирінде рингке шықты. Қарсыласы қытайлық Сяофэй Цю (0-1) болды.

Кездесу кикбоксинг ережелері бойынша өтіп, бірінші раундта-ақ аяқталды. Матч соңы қытайлық спортшының нокаутпен жеңісімен тынды. Бұған дейін қазақстандық жауынгер үш рет нокдаунға түскен еді.

Naiza FC лигасының баспасөз қызметі бұл жекпе-жекті «жылдың нокауты» атанып қалуға үміткер деп атады.

Осылайша Сяофэй Цю өзінің кәсіби ММА мансабындағы алғашқы жеңісін тіркесе, Алтынбек Магаз үшін бұл төртінші жеңіліс болды.

.

Көп оқылды:

.
.