Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Осылайша ол ағымдағы маусымдағы барлық жеті «мыңдық» дәрежедегі турнирде осы сатыға дейін жеткен жалғыз спортшыға айналды.
Торонтодағы жарыстың үшінші кезеңінде Рыбакина әлемдік рейтингте 31-ші орын алатын америкалық Энн Лиден 6:2, 7:5 есебімен басым түсті. Кезекті кездесуде қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсонова мен сынға түседі.
Әйелдер теннисі күнтізбесінде барлығы 10 WTA-1000 турнирі бар. Ағымдағы маусымда теннисшілерге тағы үш жарыста — Цинциннатиде, Пекинде және Ухань қаласында өнер көрсету қалды.
Ағымдағы маусымда Рыбакинаның ең үлкен жетістігі — Australian Open турнирінде чемпион атануы болып қала береді.