Үлкен теннис

Рыбакина Торонто турнирінде 1/16 финалға жолдама алды

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирде үшінші айналымда америкалық Энн Лиден басым түсіп, 1/16 финалға шықты.

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласындағы «Мастерс» сериясының турнирінде 1/16 финал сатысына жолдама алды. Үшінші айналымдағы кездесуде ол WTA рейтингінің 31-ші жолындағы америкалық Энн Лиді 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Теннисшілер корттта бір сағат 28 минут өткізді. Рыбакина екі рет соққысымен ұпай жинап (эйс), бір мәрте қателік жіберді. Сонымен қатар ол алты брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды.

Ал қарсыласы Лидің есебінде бірде-бір эйс болмады, ол үш рет қателік жіберіп, төрт брейк-пойнттың екеуін ғана іске асыра алды.

Келесі айналымда Елена Рыбакина ресейлік Людмила Самсонова мен австралиялық Майя Джойнт арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.