Елена Рыбакина WTA 1000 турнирлерінде бірегей серия орнатты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина осы маусымдағы WTA 1000 сериясының барлық жеті турнирінде 1/8 финалға жол тапқан жалғыз спортшы атанды. Бұл көрсеткішке ол Торонтодағы жеңісінен кейін қол жеткізді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина осы маусымда өткен WTA 1000 сериясының жеті турнирінің әрқайсысында 1/8 финалға шыққан жалғыз спортшы атанды. Мұны OptaAce статистикалық порталына сілтеме жасап Sports.kz хабарлады.
Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінде әлемнің екінші ракеткасы Рыбакина рейтингте 31-орында тұрған америкалық Энн Липен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте — 6:2, 7:5 — жеңіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Осы жеңістен кейін OptaAce порталы Рыбакинаның маусымдағы ірі турнирлердегі тұрақтылығын атап өтті. «Елена Рыбакина — бұл маусымдағы WTA 1000 сериясының жеті турнирінің әрқайсысында 1/8 финалға шыққан жалғыз теннисші», — делінген хабарламада.
Атап өткен жөн, көктемде WTA-ның ресми статистикасы Рыбакинаны маусымның алғашқы төрт «мыңдық» турнирінің бәрінде 1/8 финалға жеткен жалғыз теннисші ретінде атаған болатын. Енді бұл серия жеті турнирге дейін жалғасын тапты.
Бұл жетістік Рыбакинаның жыл бойы жоғары деңгейде тұрақты ойын көрсетіп келе жатқанын тағы бір мәрте растайды.