Футбол

«Тобол» «Партизанмен» кездесуге бастапқы құрамын жариялады

Костанай клубы Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу раунды шеңберінде сербиялық «Партизанмен» өтетін бірінші матчға шығатын бастапқы құрамын анықтады.

«Тобол» мен «Партизан» клубтары Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчына шығатын бастапқы құрамдарын жариялады. Кездесу 6 мен 7 тамыз аралығындағы түні Белградта (Сербия) өтеді.

«Партизан» құрамасы: Крунич, Роганович, Симич, С. Митрович, Джурджевич, Алексич, М. Вукотич, Б. Костич, Сек, Койцек, Ибрахим.

«Тобол» құрамасы: Устименко, Боршич, Ндиайе, Сенхаджи, Жагоров, Сиссе, Тагыберген, Зуев, Талал, Чесноков, Милованович.

Жауап кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Осы жұптың жеңімпазы Еуропа конференциялар лигасының плей-офф раундында испаниялық «Хетафе» клубымен кездеседі.

Айта кетейік, «Тобол» екінші іріктеу раундында литвалық «Паневежисті» жеңіп, кейінгі кезеңге жолдама алды. Негізгі уақыт 2:2 есеппен аяқталса, пенальти сериясында костанайлықтар 3:2 есебімен басым түскен болды.