«Челси» Сатпаев түскен жаңа видео жариялады
Лондондық «Челси» клубының баспасөз қызметі құрамасы ойыншысы Дастан Сатпаев түскен жаңа роликті жарыққа шығарды. Видеода қазақстандық шабуылшы командаластарымен бірге Сидней жағажайында жаттығып жүр.
Лондондық «Челси» клубының ресми әлеуметтік желілерінде қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сатпаев түскен қысқаша видео пайда болды.
Роликте «Челси» футболшыларының Сидней қаласындағы атақты Бонди жағажайында жүзу және суға сүңгу дағдыларын жетілдіріп жатқаны көрсетілген. Оның ішінде Сатпаев та бар. Видеоға «Бонди сапары!» деген қысқа жазба қосылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Аккор» стадионында Дастан Сатпаев «Челси» құрамында «Тоттенхэммен» өткен жолдастық кездесуде 1:2 есебімен аяқталған матчта алаңға шыққан болатын.
17 жасар қазақстандық футболшы кездесудің 70-минутында Эстевао Виллианды алмастырып шықты, алайда есепке үлес қоса алмады.
Австралиядағы жиынды аяқтаған соң Хаби Алонсо бастаған команда Азия бойынша турнеге аттанады.