Футбол

Сатпаевтің «Челсидегі» тоғыз тікелей бәсекелесі анықталды

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челсиге» ауысқаннан кейін құрамдағы орын үшін қатты бәсекелестікке тап болды. Ойыншы екі позицияда — сол қанатта және орталық шабуылда — бірнеше футболшымен орын үшін күресуге мәжбүр.

Ағылшындық «Челси» клубының қазақстандық шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондон командасына ауысқаннан кейін негізгі құрамнан орын алу үшін қатты бәсекелестікпен бетпе-бет келді.

Сатпаев командада екі позицияда ойнай алады — сол қанатты хавбек және орталық шабуылшы ретінде. Сол қанатта оның тікелей бәсекелестері болып Джейми Гиттенс пен Михаил Мудрик саналады.

Орталық шабуылшы позициясында жағдай одан да күрделі: Сатпаевті қоспағанда, «Челсиде» дәл осы амплуада жеті футболшы бар. Олар — Жоао Педро, Николас Джексон, Лиам Делап, Дэнни Уэлбек, Эммануэль Эмегха, Марк Гиу және Давид Датро Фофана.

Осылайша, жас қазақстандық шабуылшыға негізгі құрамға тұрақты түрде енуі үшін бір мезгілде тоғыз футболшымен бәсекелесуге тура келеді.

Бұған дейін «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо клуб басшылығынан құрамды «тазалауды» сұраған болатын, дегенмен әртүрлі турнирлерде ротация жасау үшін ұзын құрамды сақтап қалуды да ұсынған еді.