Британдық Sportsmole сайты футболдан Австрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында өтетін ойынға болжам жасады, - деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
«Жақсы деңгейге жеткендеріне қарамастан, Қазақстан құрамасы әлі де ФИФА әлемдік рейтингінде 109-шы орында тұр. Сонымен қатар, Ұлттар лигасының В дивизионында әлі бір де бір гол соққан жоқ. Қыркүйек айында лиганы сәтсіз бастаған Қазақстан құрамасы Аустрияның келесі деңгейге көтеріліуне және бейсенбі күні максималды ұпай алуларына жол ашып бергендей.
Біздің болжам: Австрия – Қазақстан – 3:0», - деп жазды басылым.
Командалық кездесу 10 қазан күні Линц қаласында (Аустрия) өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.