Дастан Сатпаевке «Челсидің» көшбасшысымен бірдей баға қойылды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондонның «Челси» клубының «Тоттенхэммен» өткізген жолдастық кездесуіндегі ойыны үшін баға алды. Chelsea Chronicle басылымының мәліметінше, қазақстандық ойыншы «Челсидің» жұлдызы Коул Палмермен бірдей ұпай жинады.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Сиднейде өткен «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы жолдастық кездесудегі ойыны үшін баға алды. Chelsea Chronicle басылымының мәліметінше, қазақстандық футболшы ондық шкала бойынша алты ұпай жинады.
Хаби Алонсо басқаратын «Челси» аталған кездесуде 1:2 есебімен жеңіліске ұшырады. Сатпаев ойынға екінші таймда алмастырудан шықты.
Дәл осындай алты ұпайды британдық журналистер «Челсидің» көшбасшыларының бірі Коул Палмерге де қойды. Сонымен қатар қақпашы Тедди Шарман-Лоу, қорғаушы Леви Колуилл және Махди Николл-Джазули де алты ұпайдан жинады.
Лондон клубының ойыншылары арасында ең жоғары бағаға Марко Палестра ие болды — ол тоғыз ұпай жинады. Ромео Лавия мен Эстевао Виллиан сегіз ұпайдан алса, командадан негізгі шабуылшы Жоао Педро жеті ұпаймен бағаланды.
Сатпаев үшін бұл маусым алдындағы турне барысында «Челси» құрамындағы екінші кездесу болды. Бұған дейін қазақстандық футболшы «Вестерн Сидней Уондерерспен» өткен жолдастық матчта гол соққан еді.