Амиров пен Чирковтың чемпиондық жекпе-жегіне жаңа күн белгіленді
Қазақстандық боксшы Торғынбек «Тор» Амиров пен ресейлік Леонид Чирков арасындағы RCC HARD ұйымының жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдік үшін өтетін жекпе-жектің жаңа күні мен өтетін жері белгілі болды.
Қазақстандық боксшы Торғынбек «Тор» Амиров (4-1) мен ресейлік Леонид Чирков арасындағы RCC HARD ұйымының жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдігі үшін өтетін жекпе-жектің жаңа мерзімі мен өтетін орны анықталды.
Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Михаил Кандалин хабарлады. Оның айтуынша, Амиров пен Чирковтың арасындағы титулдық жекпе-жек 2026 жылдың қыркүйек айының басында жоспарланып отыр. Кездесу Ресейдің Челябинск қаласында өтеді.
Амиров үшін бұл чемпиондық белдіктің екінші рет қорғалуы болмақ. Атап өтетін жайт, Амиров пен Чирковтың кездесуі бастапқыда осы жылдың мамыр айында жоспарланған еді. Алайда ресейлік боксшының жарақат алуына байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылған болатын.
Осыдан кейін Амиров жеңіл салмақ дәрежесіне көтеріліп, аталған лиганың экс-чемпионы Виктор Баталовпен рейтингтік кездесуге шықты. Қазақстандық боксшы сол жекпе-жекте ұпай санымен жеңіліп қалғанымен, жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдігін өз қолында сақтап қалды.