Футбол

Сатпаев Сиднейде «Челси» жанкүйерлерін қуантты

Қазақстандық шабуылшы және «Челси» ойыншысы Дастан Сатпаев Австралиядағы дайындық сапары кезінде Сидней қаласындағы клуб жанкүйерлерінің назарын аударды. Оның автограф беріп, селфиге түскен сәттері желіде тарады.

«Челсидің» әрі Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Австралияда өткен предсезондық сапар барысында лондондық клубтың жанкүйерлер тобының назарына ілікті.

«Челсидің» жергілікті жанкүйерлерінің бірі әрі белгілі блогер өз Instagram парақшасында 17 жасар қазақстандық футболшымен түсірілген бейнежазбаны жариялады. Түсірілім командаға базалық орналасқан қонақүйдің жанында жасалған.

Бейнеде Сатпаевтың жанкүйерлерге қолтаңба беруден бас тартпағаны, олармен селфиге түсіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргені көрінеді.

Еске сала кетейік, 28 шілдеде Дастан Сатпаев «Челси» құрамасында алғашқы голын соғып, «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен өткен жолдастық кездесудің алтыншы минутында-ақ қақпаны дәл тапты. Матч 6:4 есебімен аяқталды.

1 тамызда Хаби Алонсо жетекшілік ететін «Челси» «Тоттенхэммен» кездеседі. Ойын қазақстандық уақыт бойынша сағат 14:45-те басталады.