Жаңалықтар

Қазақстан ерлер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден күміс жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның ерлер құрама командасы жүзуден тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Отандастарымыз 4x200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында күміс медаль иеленді.