Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, түркиялық «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Түркиядан кетуі мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Биыл клуб бірнеше трансфер жасап, ойыншылар құрамын кеңейтті. Зайнутдиновке «Бешикташтан» орын табу өте қиын. Негізі, ол пайдалы ойыншы. Бірақ, түріктер атақты ойыншыларды, яғни клубтың атын шығарып жүрген легионерлерге мән аударады. Биылғы маусымның ортасында немесе соңында кететін секілді»,- деді түрік инсайдері.
Айта кетейік, Зайнутдинов түркиялық клубқа 2023 жылдың тамыз айында ресейлік ЦСКА-дан ауысып келген болатын.
Тағы да оқыңыздар: Биография: Бақтияр Зайнутдинов